KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» «Соколдың» қақпасына 8 шайба соқты

11.10.2018, 15:51 208


Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында қатарынан бес ойында жеңілістің кермек дәмін татқан өскемендік «Торпедо» алтыншысында әйтеуір дегенде жеңіске жетті. Жеңіс болғанда қандай, Мисхат Фахрутдинов шәкірттері өз айдынында красноярскілік «Соколдың» тас-талқанын шығарды.


Бұл кездесудегі есепті бірінші кезеңнің алтыншы минутында «Торпедоның» тәжірибелі шабуылшысы Евгений Рымарев ашты. 15-ші минутта қонақтар таразы басын теңестіргенімен, арада бір минут өтпей жатып айдын иелері екінші рет алға шықты. Нәтижелі соққының авторы – Евгений Белухин.


Үзілістен кейін өскемендік хоккейшілер қарсылас қақпасын тағы екі мәрте дәл көздеп, есепті 4:1-ге жеткізді. Бірақ, торпедолықтар бұған да қанағат қылған жоқ. Соңғы жиырмаминуттықта красноярскілік команданың қақпасында тағы төрт шайба тулады. Бұған әбден есеңгіреген қонақтар екі-ақ дәл соққымен жауап қайыра алды.


Қорытынды есеп 8:3!


Бірінші кезеңде көзге түскен хоккейшілерден бөлек бұл ойында Андрей Белозеров (хет-трик), Максим Капитуров, Александр Шин мен Кирилл Тамбиевтің қанжығасы майланғанын айта кету керек.


Осы жеңісінің арқасында 14 ұпайға ие болған өскемендік ұжым турнир кестесінің 13-ші сатысына дейін көтерілді.


Алдағы сенбі күні жерлестеріміз өз айдынында новокузнецкілік «Металлургті» қабылдайды. Ойынның басталуы кешкі сағат 17:00-де.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив