KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» «Звездадан» басым түсті

1.12.2018, 12:28 159


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Мәскеуден келген «Звезда» командасын қабылдаған өскемендік «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетті.


Осы жеңісінің арқасында қоржынға тағы екі ұпай салған өскемендік ұжым турнир кестесіндегі 14-ші орнын сақтап қалды. Дегенмен, торпедолықтарға бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Өскемендік хоккейшілер ойынның алғашқы минуттарынан-ақ айтарлықтай басымдыққа ие болғанына қарамастан, бірінші шайбаны олар емес, қонақтар соқты. Нәтижелі соққы Никита Мокиннің еншісінде. Осыдан кейін қарсылас қақпасына шабуылдарын одан сайын үдете түскен торпедолықтар көп ұзамай таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шығып кетті. Көзге түскен – шабуылшылар Талғат Жайлауов пен Евгений Белухин. Алайда, үзіліске дейін қонақтар сол баяғы Мокиннің көмегімен тағы бір шайба соғып, есепті теңестіріп үлгерді.


Екінші жиырмаминуттықта командалар бір-бірінің қақпасына оқтын-оқтын шабуылдар ұйымдастырғанымен, оның бірі ғана нәтижелі аяқталды. Бұл жолы «Торпедо» қорғаушысы Николай Глуховтың қанжығасы майланды. 3:2. Бұл есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.


Ертең өскемендік команда өз айдынында воскресенскілік «Химикті» қабылдайды. Бұл ойын кешкі сағат 17:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив