KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Верхнеберезовка кен-байыту фабрикасы қайта қарқын алмақ

19.08.2015, 18:00 83



ШҚО Глубокое ауданындағы Верхнеберезовка кентіндегі фабриканың жабылуынан кейін тек кенттің 200 аса адамы жұмыссыз қалған еді. Сараптама комиссиясының қорытындысымен фабрика авариялық жағдайда деп танылады. «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы жұмыссыз қалғандар толықтай жұмыспен қамтылады деген уәделеріне қарамастан, көптеген кеншілер үйлерінде бос отырып қалған жайлары бар. Сондықтан, кентте жұмыс мәселесі бірінші орында тұрды. Осы уақытқа дейін тұрғындар арасында фабриканың тағдыры жайында сан түрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатты.

Жуықта алаңда балқыту пешінің құрылысы басталып, тағы да әртүрлі әңгімелер тарай бастаған еді. Мәселен, қытай елінің кәсіпкерлері фабриканы сатып алды сынды. Осы жағдайдың оң мен солын анықтау үшін. Верхнеберезовка кентінің әкімі Байгундинов К.К. тұрғындармен қоғамдық тыңдау өткізді. Тыңдауға фабрика аумағында жұмыс бастаған компанияның басшылықтары келді.

Директордың орынбасары Әділов М.А. бірден барлығын толғандырып отырған мәселеден бастады.

- Глубокое ауданында тіркелген қазақсандық «Нұрслан» компаниясымен ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап сатып алу келім шарты жасала басталған. Бас офис фабрика аумағында орналасқан. ЖШС жоспарында жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынды қайта іске қосу мәселесі қойылған.

Мырза-Ахмет Әділұлы жобаға қомақты қаржы қажет етілгендіктен инвестиция тарту қажеттігі туындағандығын жеткізді. «Нұрслан» ЖШС үшін аспан асты елінің «Цзин Жун» компаниясы инвестор болған. Аталмыш компания 10 млн. доллар қаражат салуға дайын.

Бүгінде инвестицияның бірінші траншы бойынша 3 млн. доллар салынған. Фабрика аумағында қуаттылығы 1 т/с балқыту пеші салына басталған. Құрылыстың басы қасында бас технолог, аталмыш пешті ойлап шығарған Фун Сан Пин мырза. Осындай балқыту пеші тек мемлекетте бар. Мәселен, Франция, в Бразилия және АҚШ. Яғни, қазақсанда жалғыз, ал Верхнеберезовка кентінде төртінші балқыту пеші болып қаланады, - деді Мырза-Ахмет Әділұлы.

Балқыту пеші үшін шикізат ретінде Қазақстанның балқыту зауыттарының кен материалдары пайдаланылатын болады. Соңында мыстың штейн және күйіндісін алатын боады, оны мыс қорыту және цемент зауыттарына өткізетін болады. Яғин, қалдықсыз өндірісті жандандырмақ. Ал, аталмыш өндірістен түскен қаржыға Жаңа-Березовка кенін және фабриканын өзін қайта қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Балқыту пешін қыркүйек айының соңында іске қосу жоспарланған. Бүгінде басшылық экологиялық сараптама қорытындысын тосуда.

Директордың орынбасарының сөзіне қарағанда ауға зиянды қалдықтар шығарылмайды. Балқытау кезінде пайда болатын газ жоғары дәрежедегі тазартуан өтеді. 2 бункер шаңды қағып алады, маталы фильтр (128 дана) және суда қалдық шаңды сору сынды тазалу үдерістері жүреді.

Балқыту пеші іске қосылас бұрын жергілікті тұрғындар арасынан жұмысқа адамдар алынады. Бұл 40 шақты адамды құрайтын болады. Сондай-ақ, күзетші және инвестор компания ұсынған кен таситын көліктерге жүргізушілер қажет. Жұмыскерлер үшін жуынатын бөлмелер қйта қалыпа келтіріліп, бір уақтылы тегін асқа ие болады.

Бүгінде қалыпқа келтіру жобалары сараптамдан өтуде. Адилов мырза айтып өткендей бірде-бір ғимарат бұзылмайтын болады, тек қалған құрал жабдықтар ғана алынып тсталып, орынына жаңа заманауй ресейлік құрылғылармен ауыстырылатын болады.

Фабрика және кентің қайта қалпына келтірілгеніне байланысты қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жалғасатын болады. Компания басшылығы жергілікті әкімдік және тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасауға бар. Сондай-ақ, қыс мезгілінде жолды қардан тазарту, жарық тарту сынды келісімдер ауызша бекітілген.

- Біз фабриканы қайта қалпына келтіруге және өндірісті тиісті деңгейге көтреуге ниеттіміз. Сондықтан, жұмыскерлердің дұрыс жағдайда жұмыс істеп, тұруларына қалыпты орта туғызуға мүдделіміз. Сондықтан, барлық жағдайды шама келгенше шешуге тырысамыз.

Сонымен қатар, Қайырхан Қазбекұлы кент тұрғындарын Краснояр кент орынында барлау жұмыстарын жүргізетін «Best & Alliance Group» өкілдерімен кездесу өткізді.

Экспедиция геологы Егорова А.Н аталмыш жағдай бойынша толыққанды мәлімет беріп, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап қайырды.

Г. Мусина
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив