KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Белогор кен байыту фабрикасы қайта жаңғыртылады

25.01.2015, 18:00 208



Шығыс Қазақстан облысының экономикасына жұмсалып жатқан инвестициялардың көпшілігі кен өндіру, өңдеу, металлургия саласына бағытталып отырғанымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Белогор тау-кен компаниясы» ЖШС Ұлан ауданының Огневка кентіндегі жабылып қалған бұрынғы кен байыту фабрикасының техногенді минералды қалдықтарын қайта өңдеп, тантал-қалайы кенін байыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, Шығыс Қазақстан облысы әкімі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы мен өзінің орынбасарына кен байыту фабрикасын қайта жаңғыртып, іске қосудың мүмкіндігі мен экономикалық тиімділігін, инвестордың әлеуетін қарастырып, зерделеуді тапсырды.

«Белогор тау-кен компаниясы» ЖШС фабриканы екі жылда іске қосуды көздеп отыр. Он жылдан астам уақыттан бері жұмысын тоқтатқан өндіріс орнының технологиялық желілері мен негізгі жабдықтары өз қалпында сақталған. Фабрика қайтадан іске қосылса, онда 200-ге тарта жұмыс орны ашылмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив