KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Белоусовка кен байыту фабрикасы «Үздік фабрика» атанды

9.12.2013, 18:00 88



Белоусовка кен байыту фабрикасы «Үздік фабрика» атанды. Кен байытушылар үш айдағы жұмыс жоспарын кен айыру бойынша 100,5, пайызға, қайта өңдеу бойынша 105,5 пайызға орындап, жақсы нәтижеге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Востокцветмет» өндірістік бірлестігі кәсіпорындары арасындағы өндірістік жарыс қорытындысы тоқсан сайын шығарылып тұрады.

Фабриканың осындай жетістігіне жас маман, кәсіпорынның бас энергетигі Дәулет Шөкенов елеулі үлес қосты. Ол «Востокцветмет» өндірістік бірлестігінің үздік энергетигі атанды. Дәулет Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітіргеннен кейін осы фабрикаға жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, қоюлатқыш қондырғыларының аппаратшысы Татьяна Полторанина «Мамандығы бойынша үздік» грамотасымен марапатталды.

Бақыт Сұлтанов еңбек жолын кен байыту фабрикасында қарапайым жұмысшыдан бастап, өндірістің барлық буынында істеп, өз мамандығын жетік меңгерген басшылардың қатарына қосылды. Бақыт қазіргі кезде Белоусовка кен байыту фабрикасының директоры міндетін де абыроймен атқарып жүр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив