KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

300 жас өнерпаз бір мезгілде «Салкүрең» күйін орындады

31.05.2015, 18:00 75



1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Өскемен қаласының жақында ғана ашылған Драма театрының ғимараты алдында балалардың қатысуымен ауқымды мерекелік концерт өткізілді. Шарада Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов «Кішкентай Муктың кішкентай ғана әңгімесі» спектаклін балалармен бірге тамашалады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Балаларды қорғау күні Өскемен халқы үшін ірі мерекелерден кем өткен жоқ. Драма театр алдында қаланың барлық мектептерінің оқушылары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән мен бидің көркін қыздырды. Қала халқын қатты тамсандырғаны - бір мезетте 300 өскемендік жас өнерпаздың Құрманғазы күйлерін орындауы. Театр актерларының балаларға деген сыйы да ерекше. Мәдени орталықтың үлкен залында театрдың қазақ және және орыс труппасы «Екі дос немесе делдал қарға», «Кішкентай Муктың кішкентай ғана әңгімесі» спектакльдерін қойды. Спектакльді театрға келген жас меймандармен бірге облыс әкімі Даниал Ахметов тамашалады.

Аймақ басшысы бұдан кейін Өскемендегі әлеуметтік-медициналық мекемедегі балаларды төл мерекесімен құттықтады. Аталмыш мекеме 1 маусымға дәлдеп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жаз айларында тәулік бойы жұмыс істейтін оңалту лагерінің ашылуын мерекелік шарамен атап өтті. Лагерге 16 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Өңір басшысы мекеме балаларының өнерін тамашалап, оларды мейрамымен құттықтады. «Қадірменді балалар. Бүгінгі мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын. Дәл бүгінгідей қуаныш күлкісі үйірілген жүздеріңмен ата-аналарыңды шаттыққа бөлеп жүре беріңдер», - деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысының назарынан облыстық ана мен бала орталығы да тыс қалған жоқ. Д.Ахметов бала сүйіп, бақытқа бөленіп отырған отбасыларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. Орталық директоры Рая Рахимовамен бірге, ана мен балаға сапалы қызмет көрсету жұмыстарын күшейту бойынша ой алмасқан аймақ басшысы келешекте жергілікті дәрігерлердің Еуропа елдері мен Оңтүстік Кореяда біліктілігін арттыру үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив