KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Сайлаушылар белсенділік танытты

25.04.2015, 18:00 83



Республика Президентін сайлау – ел өміріндегі аса маңызды оқиға, өйткені біздің келешек дамуымыз осы жауапты сынақпен тікелей байланысты.

Қазақстан халқымен бірге ШҚО Жарма ауданының тұрғындары да бұл елеулі науқанның маңызын түсіне отырып, өз үлесін қосуға тырысты. Алғаш дауыс берушілер де, өмірлік тәжірибесі мол қарттар да азамат ретінде өз құқықтарын білдіруге ынталылық танытты.

Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгіден» үміткер, білім ошағының белсендісі Акмоль Кенджаев «Менің дауысымның Президент сайлауында маңызы бар екеніне мерейім асып тұр», - деді.

Егде сайлаушылар өз тұратын мекенжайлары бойынша дауыс берді. №531 сайлау учаскесіне қарайтын, Гагарин көшесі 17 үйдің тұрғыны, 98 жастағы Күлбан Омарова әжей: «Бүгін азат еліміздің таңдаулы жандарына өз қалауымызды жасайтын күнге жетіп отырмыз. Теледидар қараған шағымда Қазақ елінің толағай табысқа жетіп жатқанына бір жасап қалам, соғыстың бетін аулақ қылсын, жастар біздің бейнетімізді емес, зейнетімізді көрсін», - деді.

Сайлаушылар белсенділік танытты

Ал Көкпекті ауданында сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап, учаскелерге дауыс беру үшін жұрт ағыла бастады. Олардың қатарында зейнеткерлер, шаруа қожалық жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер, көп балалы аналар мен жасы 80-нен асқан әжелер де бар.

Көкпекті ауданының алдыңғы қатарлы спортшысы, аудандық мәслихат депутаты Б.Рахимов басқа спортшы қауымға үлгі болып учаске ашылған уақытта дауыс берді.

Осылайша, бұл күні әр жастағы тұрғындар ел тағдырына қатысты өздерінің тарихи таңдауларын жасады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив