KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Семейлік биатлоншы қыз Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі

20.12.2012, 18:00 89


Семей мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенті биатлоншы Галина Вишневская Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, енді ересектер арасындағы жарыстарға қатысатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Спортшы қыздың жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ол 2011 жылы Чехияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола, Австрия еліндегі Инсбург қаласында өткен алғашқы жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарының күміс және қола медаль жүлдегері, ал, 2012 жылы Финляндияда өткен әлемдік жарыстың күміс жүлдесін иеленген.

Елімізде биатлон ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Ұстазы мықтының ұстамы мықты демекші, Галинаның жаттықтырушысы, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Рафаиль Мирсалимовтың еңбегі зор.

18 жасар спорт шебері Галина спортқа 14 жасында құрбысының шақыруымен келіп, қажымас еңбек пен жаттықтырушының айтқан ақылын екетпей орындауының арқасында осындай жетістіктерге жетіп отыр. Спортшы биыл

Қазір Галина келер жылдың 25-ші қаңтарында Болгария елінде өтетін жасөспірімдер арасындағы жарысқа дайындық үстінде. Ол осы жолы алтын медаль алмақ ойы бар. Галина елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек.

Анар Қуанғалиева


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив