KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 9 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Әскерилер оқушылармен кездесті

12.02.2015, 18:00 119



2015 жылдың 13 ақпан күні ШҚО Аягөз ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай әскер қатарындағы сарбаздармен аудан мектептерінің 10 сынып оқушыларының арасындағы біріккен патриотттық, көпшілік іс-шаралардың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлім қызметкерлері мен сарбаздары, оқушылар қатысты. Мерекеге орай алғашқы құттықтау сөз Аягөз ауданы әкіміне берілді. Аудан әкімі жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі.

Ұйымдастырылып отырған іс-шараның басты мақсаты - ардагерлердің ерлігі мен қайсар рухын жастарға үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, патриотизмге және салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара аясында оқушыларды әскери гарнизоннын өмірімен таныстырып, болашақта елге адал қызмет етуге шақырды.

Роза Каирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив