KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Рождество мейрамы аталып өтті

7.01.2015, 18:00 171



Қазақ еліндегі ресми екі діннің бір саналатын православиенің басты мейрамы Рождество - ізгі үміттер мен тілектер мерекесі.

Осы православиелік жарқын мерекеге байланысты, ШҚО Жармада Аудандық Жастар үйінде «Рождество» мерекелік шарасы болып өтті. Осы мерекелік іс-шараға жиналған мемлекеттік мекеме мен ұйымдарды, жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов, аудандық маслихат хатшысы Н.О.Есполов құттықтады.

Мереке барысында жиналған қауымға православиелік христиандардың «сочельник», «гадание», «посевание» рәсімдері көрсетіліп, еңбек ардагері, шіркеу мүшесі О.Г.Фролова, аудандық орталық мешіттің имамы М. Оспан, рим-католик шіркеуінің падресі А. Бергер өз құттықтау тілектерін білдірді.

Мерекелік шара барысында аудан орталығындағы білім беру мекемелері және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мұрагер» клубының концерттік бағдарламасы жұртшылық назарына ұсынылды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив