KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Skoda» автокөлігінің жаңа төрт үлгісін «Азия Авто» зауыты шығарады

22.12.2014, 18:00 147



Өскемен қаласындағы «Азия Авто» зауыты алдағы жылдың ақпан айынан бастап «Skoda Octavia 4x4», «Octavia Combi 4x4», «Octavia Scout» және «Yeti 1.6 MPI AT» деп аталатын төрт жаңа модельді шығара бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Автокомпанияның хабарлауынша, «Skoda» маркасына сұраныс жылданжылға артып келеді. Айталық, алдыңғы жылмен салыстырғанда биылғы он айдағы сатылған көліктердің саны 43%-ға өскені байқалады.

- Бүгінде «Skoda» маркасы елімізде жақсы сатылатын автомобильдер ондығына енген. Осы жылдың қаңтарқазан айларында шығарылған өнімнің 21%-ға жуығы «Skoda»-ның үлесі. Сұраныстың артуы «Rapid Spacebask» хэтчбегін, «Octavia RS» лифтбэктерін және «Octavia 1.6 MPI» құрастыра бастаумен байланысты. Жаңа көлік иелерінің көбі «Rapid»-ті таңдаған. Бүгінде бұл еуропалық модель Қазақстан нарығында бірінші орында, - дейді «Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив