KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Ауған соғысының ардагерлері бас қосты

3.12.2014, 18:00 190



ШҚО ауған соғысының ардагерлері бас қосты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен өткен жиын барысында ардагерлердің тұрмыс-тіршілігі талқыланып, Ардагерлер Кеңесінің атқарған жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жалпы облыс бойынша 622 ҰОС және 1990 ауған соғысының ардагері бар. Осы уақытқа дейін барлық аудандарда ардагерлер халықпен кездесу өткізіп, өңірде патриоттық тәрбие жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, әр ауданның әкіміне ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізу тапсырылған болатын. Аталмыш шара бойынша барлық аудан әкімдері ардагерлермен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысқан. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мемлекет тарапынан ардагерлерге барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. «Одан бөлек өткен жылы ескерткіштерге 18 млн. теңге бөлінді. Облыс бойынша ардагерлерге көше аттары берілуде. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасы өз сөзінде айтып өткен ұлтаралық достықты күшейтуге бағытталып отыр», - деді Жақсылық Омар.

Жақында ғана облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағалығына сайланған Василий Ақаев ендігі жылы келе жатқан Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы мейрамдарына даярлықты қаузап өтті. Жиын соңында Ардагерлер Кеңесінің төрағалары алғыс хаттармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив