KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
488.91 532.62 5

Жеткіншектерге алғашқы төлқұжаттар тапсырылды

27.11.2014, 18:00 199



28-қараша, жұма күні Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Жастық шақ - азаматтық бастауы...» атты кеш өткізіліп, сол айтулы күні он алты жасқа толған бір топ жас өскемендіктерге салтанатты жағдайда алғашқы төлқұжаттар - жеке бас куәліктері тапсырылды.

Салтанатты кештің қонақтарына алдымен «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев» атты бейнефильм көрсетілді. Республика Әнұранымен ашылған кеш сахнасына Өскемендегі № 35 және 38-мектептердің 11-сынып оқушылары - республикалық «XXI- ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қатысу жолдамасын жеңіп алған, «Алтын белгі» үміткері Нұртаза Әкежан, бокстан облыс чемпионы, спорт шеберлігіне кандидат Айкенова Айдана, қазақ тілі мен әдебиетінен қорғаған ғылыми жобасы облыстық сайысқа жолдама алған Ахметжанова Диана, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі Валерия Зиновьева сынды он жігіт пен қыз - кеш кейіпкерлері сахна төріне көтерілді.

Салтанат иелеріне өнер мұражайының Құттықтау хаттары мен мұражайда өткізілетін көрмелерге жыл бойы тегін кіретін абонементтер тапсыра отырып, журналист, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, өнер мұражайының қызметкері, Н.Назарбаевтың Қазақ КСР-ның Тұңғыш Президенті қызметіне кірісуіне арналған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сесиясының 1991 жылғы 10-желтоқсанда өткен салтанатты мәжілісіне қатысқан Айтмұхамбет Қасымов оларды Президент күні мерекесімен және алғашқы төлқұжат - жеке бас куәліктерін алу қуаныштарымен құттықтады.

Жеткіншектерге алғашқы төлқұжаттар тапсырылды

- Қазақстан азаматы болу үшін осында тек қана тұру жеткіліксіз, өз мемлекетіңнің алдындағы үлкен жауапкершілікті де сезіне білу керек. Отаның сен үшін аянып жатқан жоқ, енді сен Отаның үшін, елің үшін не істей аласың, сол жағын ойлау керек. «Жастар - біздің болашағымыздың тірегі» дегенді Елбасы да, аға ұрпақтың әрбір өкілі де үнемі айтып отырады. Мемлекет жас буынның алдына даңғыл жолдардың барлығын ашты, жағдайдың барлығы жасалды: оқы, мамандық ал, еңбек ет! - дей келіп, А.Қасымов жастарға ата-баба мұрасын сақтап, аға ұрпақтың өздеріне тапсырар еңбек эстафетасын абыроймен жалғастырыңдар деген тілегін білдірді.

Арасында әсем әнмен, тәтті күймен өріліп отырған салтанатты кеште төлқұжат алушы жастарды, сондай-ақ, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, жазушы, биология ғылымдарының кандидаты Борис Щербаков, «Менің қалам» қоғамдық қорының директоры, ақын Геннадий Пуссеп, Өскемен қалалық ІІБ төлқұжат-виза қызметінің инспекторы Қанат Букбаев, мұғалімдер мен ата-аналар құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Төлқұжат алған жастар, өз кезегінде, еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді жоспарында қойып отырған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын іс жүзіне асыруда аянып қалмайтындықтарына сендірді.

Маржан Бақтиярова,
ШҚ Өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив