Энергияны сақтау және оны тиімді пайдалану» деген ұранмен ШҚО Глубокое ауданының мектептерінде энергия үнемдейтін технологиялар қолданысқа енгізілуде. Алғашқысы тарханка ауылындағы білім ошағында сынақ ретінде іске қосылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Глубокое аудандық білім бөлімінің басшысы Эльгиза сиванбаеваның айтуынша, жарықдиодты шамдарды пайдаланудың артықшылығы көп. Атап айтсақ, энергия тұтынуы төмен, қолданылу мерзімі ұзақ және құрамында сынабы бар шамдармен салыстырғанда қауіпсіз.
- Қазір мұндай шамдармен тарханка орта мектебінде бір ғана сынып бөлмесі жабдықталды. Алдағы уақытта бұл бастама өзге мектептерде де жүзеге асырылады. Ол үшін қажетті қаражат бөлінген. шамның артықшылықтары бар. Электр қуатын үнемдеумен қатар жылдам жанады. Жарықдиодты шамдарды қолданысқа енгізу арқылы біз қаражатты кем дегенде 6-8 есеге үнемдейміз, - дейді білім бөлімінің басшысы.
Мамандардың айтуынша, энергия үнемдеуші шамдардың қолданылу мерзімі 10 жылға дейін жетеді.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz