KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Үржардың көшелеріне электр үнемдегіш шамдар орнатылады

1.11.2017, 09:03 114

Үржар ауылындағы Абылай хан, Қабанбай, Абай, Сейфуллин көшелеріне электрүнемдегіш шамдар орнатылды. Энергия көздерін тиімді үнемдеу мақсатында қолға алынған бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын таппақ.


Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Тілемесовтің айтуынша, бұл шамдар қуат көзін бірнеше пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.


– Энергия үнемдейтін шамдарды 5-10 жылға дейін қолдана аласыз. Бұл біз үшін экономикалық жағынан өте тиімді әдіс. Ал күнделікті өмірде қолданып жүрген шамдардың электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді,- дейді Серік Тілемесов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив