Қуат көздерін үнемді пайдалану еліміз ұстанған басым бағыттардың бірі. Осы ретте Астанада энергияны көп мөлшерде үнемдейтін жарықдиодты шамдар шығарыла бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жобаны технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы шеңберінде «Астана Innovations» кәсіпорыны бірінші болып қолға алды. Жарықдиодты шамдардың дәстүрлі шамдардан айырмашылығы – қызмет көрсету мерзімі ұзақ, көзді ауыртпайды және ең бастысы басқа шамдарға қарағанда, энергияны 3 есе үнемдейді. 10 жыл мерзімге дейін жарамды шам механикалық әсерге де төзімді. Айта кету керек, бағдарлама Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылуда.
Алдағы уақытта өндірушілер Қазақстан нарығындағы өнім түрін ұлғайтуды көздеп отыр.