KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның жаңа кітабының тұсаукесері өтті

3.11.2014, 18:00 186



Өскемен қаласындағы ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Ағыл-тегіл» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұсаукесерге кітап авторы Астанадан арнайы келіп қатысып, балалармен кездесті.

Толымбек Әбдірайым - Аягөздің тумасы. Еңбек жолын бұрынғы Шұбартау ауданының «Жаңа өмір» газетінен бастаған. Одан кейін Алатауға ат басын бұрған журналист «Алатау жұлдызы», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті» сынды басылымдарда, Көкшетау телерадио комитетінде еңбек еткен. 2006 жылдан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» ЖШС‑нің Астанадағы өкілі. Бүгінге дейін балаларға арналған 117 әңгіме, үш хикая, 25 ертегі жазған.

Тұсаукесер рәсіміне келген қала мектептерінің оқушылары авторды сұрақтың астына алды. «Білсем, көрсем, ұқсам» дейтін құймақұлақ балалар жазушының шығармалары жайында көңілдерінде жүрген сұрақтардың жауабын Толымбек Әбдірайымның өз аузынан естіп, қанықты. Қаладағы №16 мектептің оқушылары жазушының «Ине мен жіп» ертегісінің желісінде қойылым қойды.

Осы шара үшін елордадан арнайы ат терлетіп келіп, кітапхананың кішкентай оқырмандарымен сыр шертіскен жазушыға кітапхана директоры Гүлзада Карчалова алғысын білдірді.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив