KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы курс ашылды

8.09.2014, 18:00 167



Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін курстар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олар курста аймақта қажет болып отырған мамандықтар бойынша білім алып, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

- Біз бүгінде аталған бағдарлама аясында құлағы нашар еститін алты адамды медициналық құралдарды жөндеуші мамандығына оқытуды қолға алдық, - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айжан Садықова. - Бағдарлама бойынша оқытудың ерекшелігі сол, оқуға ниет еткен үміткер келешекте өзіне жұмыс берушімен келісімшарт жасасып, курсты тәмамдаған соң, қай жерде жұмыс істейтінінен хабардар болып отырады. Ең бастысы, бұл алты адам өздері сияқты жандардың өздеріне деген сенімін оятары сөзсіз.

Бізге белгілі болғанындай, жоғарыдағыдай мамандыққа сұраныс бар екен және жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі мұндай жандарды өз мекемелеріне жұмысқа алуға даяр болып шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив