KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Сәкен Сейфуллин Үржарға қай жылы келген?

21.08.2014, 18:00 135




Жуырда «Аруана» әжелер ансамблінің мүшесі, ардагер-ұстаз Бағи Қаспақбаеваның ұйымдастыруымен аудан орталығындағы өлкетану мұражайында С.Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Тұлпардың ізі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда алдымен мұражай директоры Бауыржан Жанақов С.Сейфуллин жайында, жалпы мұражай туралы ақпарат бергеннен кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ашылған балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері «Қайран,
Сәкен!» атты драмалық көрініс көрсетті. Бірден айту керек, небәрі 15-20 минуттық қойылым жиналғандардың жан жүрегін елжіретті. Режиссер Мейрамғали Дәрменқұлов сценарийін жазған көрініс мұражайға келгендерді сол бір зұлмат жылдарға жетелеп, әлдебір суық леп естірді. Ал ардагер-ұстаз Амантай Әліпов Сәкеннің «Тау ішінде» әнін нақышына келтіре орындаса, ақын Амантай Оспанов «Сейфуллиннің ұрпақтары» атты сиясы кеппеген өлеңін оқыды. Тұрлыханов атындағы мектеп оқушылары әдебимонтаж қойылымын көрсетіп, тағы бір ардагер әже Нұрзипа Кәкіжанова Сәкеннің «Ақсақ киік» атты өлеңіне жазылған
толғауды домбыраға қосылып әуелетті. Кеште С.Сейфуллиннің Үржар жерінде болғаны жөнінде естеліктер айтылып, журналист Оспанбай Орынтаевтың ертеректе осы тақырыпқа қалам тербеген мақаласы оқылып, бүгінде сарғыш тартқан ол жәдігерлер мұражайға табысталды. Сондай-ақ, Светлана Базаралықызы атасы Рамазан Мұхаметжановтың Үржар жеріне келген Сәкен
Сейфуллинді алғаш қарсы алғаны жөнінде анасының аузынан естіген естелігін айтса, Ақжар ауылының ардагері Жұман Жыңғылбаев сол бір жылдар жайында, айтбайлық Қанат Қасымжанов С.Тұрсабекұлы мен Сейфуллин арасындағы жақсы бір қарым-қатынас туралы және екі боздақтың бірге түскен суретінің де болғанын тебірене баяндап, мұражайға осы төңіректе жазылған құжаттарды
табыстап, Бағи Қаспақбаева театрға өзінің сыйлығын ұсынды.

«Аруана» әжелер ансамблінің орындауындағы «Отаным» әнімен қорытындыланған кеште ардагер-ұстаз Бағи Қаспақбаеваға аудандық білім бөлімінің алғыс хаты табысталды.

Берікхан Тайжігіт

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив