KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

Жаңадан ойлап табылған қопсытқыш егіннің түсімін молайтады

14.07.2014, 18:00 99



Шығыс Қазақстан облыстық индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасының мамандары ШҚО-да жаңашылдығы басым, тиімділігі жоғары бизнес-жобалардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқанын айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы іргесіндегі Герасимовка ауылындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Николай Иманжановтың ойлап тапқан елде жоқ ерекше қопсытқышының да егін шаруашылығы үшін пайдасы шаш етектен. Егіннің өсіп-өнуіне аса қажетті минералды тыңайтқыштарды топыраққа араластыра отырып, ысырап қылмай, тамыр түйнегіне тікелей жеткізетін қопсытқыш бір жүрген мезетте жерді қопсытып, тыңайтқышты сеуіп, арамшөптің тамырын да қиып өтеді.

- Мен ұсынып отырған құралдар-дың маңыздылығы олардың экономикалық тиімділігімен қатар, шағын шаруашылықтарға пайдалануға аса қолайлы екендігінде, - дейді Николай Иманжанов. - Бұл қарапайым құралдарды сатып алуға көп қаржының қажеті жоқ. Мемлекеттен қолдау болса деген үмітпен «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттікке» өтінімімді жолдадым.

Жанаргүл Көкенайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив