KZ
Өскемен
ясно жел 0,2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Құнанбай Өскенбайұлына арнап ас берілді

9.07.2014, 18:00 224



Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Ақшоқы ауылында Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арнап ас берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алқалы жиынға облыстың, ауданның басшылары, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері, жерлесіміз Досхан Жолжақсынов бастаған республикаға танымал әртістер, жергілікті ақсақалдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аста Құнанбай қажының тағылымға толы өмірін айшықтайтын көркем фильмді сапалы шығарудың мән-жайы, ол үшін әуелі тарихи шындыққа негізделу қажеттігі және кинотуындыға қатысты басқа да мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Бұл шара - биыл туғанына 210 жыл толып отырған Құнанбай қажы Өскенбайұлы жайында түсірілетін көркем фильмнің бастамасы. «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген нақылды жадында ұстаған фильм түсірушілердің көркем туындының «бісмілләсін» баба рухына құран хатым бағыштаудан бастауы сондықтан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив