KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Шығыс Қазақстан облысының 86 полицейіне «лейтенант» шені берілді (+сурет)

19.05.2013, 18:00 177


Ішкі істер департаментінің плацында офицерлік погон беру салтанаты өтті. Рәсімге шығысқазақстандық полицейлердің басшысы полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов пен кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Рамазанов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Лейтенанттық жұлдыздары бар погондар 77 полицейлерге берілді. Тоғыз қызметкер кіші лейтенант шенін алды. Жас офицерлердің арасында әйелдер де бар.

Офицер болу жеңіл емес. Көптеген қызметкерлер офицер болғанша дейін бес жылдан сегіз жылға дейін тынымсыз еңбек етеді.

Шығыс Қазақстан облысының 86 полицейіне «лейтенант» шені берілді (+сурет)Жас қызметкерлер көшелерде тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген сақшылардың қатарына қосылды. Погондарды алу және шен беру – әскери қызметті таңдағандар үшін ерекше қуаныш мезеті.

Шығыс Қазақстан облысының 86 полицейіне «лейтенант» шені берілді (+сурет)Аяқты нық-нық басып, әскери марш және келген қонақтардың қол шапалақтары үнімен, жаңа қызметкерлер ант қабылдады. Жас қызметкерлер салтанатты түрде Отанды сүюге, Қазақстан халқының дәстүрлерін құрметтеуге, елі мен жері үшін аянбай және адал қызмет етуге ант берді.

Шығыс Қазақстан облысының 86 полицейіне «лейтенант» шені берілді (+сурет)"Бүгін Сіздер бірінші офицерлік шен алдыңыздар. Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант қабылдадыңыздар. Осы күннен бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің мыңдаған офицерлер қатарына қосыласыздар. Сіздерге Қазақстанға адал болып, заң үшін, халық үшін қызмет етуді тілеймін. Сіздерге тұрғындар қуаныштарымен келмейтінін түсінулеріңіз қажет. Олардың әрқайсысында өз проблемалары бар, сіздер оны түсініп, қабылдай білулеріңіз керек. Әрқайсыңыз олардың деңгейіне дейін ешқашан түсуге болмайтындығын түсінулеріңіз керек. Тек осылайша, полицей атағына кір келтірілмеугн болады", – деді құттықтау сөзінде Рашид Тауфикұлы.

Шығыс Қазақстан облысының 86 полицейіне «лейтенант» шені берілді (+сурет)Салтанатты түрде погон беру рәсімі ерекше атмосферада өтті. Полицейлер, погон алғаннан кейін, қызметтеріне аттанды. Қала тыныштығы сенімді қолда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив