KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Жастар полиция қызметкерлерінің қатарын толықтыруда

11.04.2012, 18:00 157



Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде ішкі істер органы қызметкерлерінің қатарына қосылған 100 жас қызметкер Отанына және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант қабылдап, офицер атағына ие болы.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 20 жыл толу мерекесі қарсаңына орай өткізілді.
Ашық аспан аясында «Туға қарап, сап түзе!» пәрмені берілісімен ортасында алтын күн мен қыраны жарқыраған көгілдір туға қарап полицейлер сап түзеді.

Жас офицерлер салтанатты түрде ант қабылдайтын сәтті тағатсыздана күтуде. Міне, толқыған сәт те келіп жетті. Өз анттарын «Қазақстан Республикасына қызмет етмін!» сертімен аяқтаған кілең жас департамент бастығының қолынан жұлдызды офицер погонын да алды.

Бейбіт Қазақстанымыздың көгінде жарқыраған алтын күннің шұғыласымен пагондағы жұлдыздар да жарқырай түсуде, ал жас офицерлердің көздерінен мақтаныш пен қуаныш сезімін аңғару қиын емес.

Міне, кеше ғана білім ошақтарын тамамдап, үлкен өмірге қадам басқан ұл-қыздар енді азаматтардың конситуциялық құықтары мен бостандықтарын, тәуелсіз еліміздің ішкі тұрақтылығын қорғаушыларының қатарында сапта тұр.

Жас мамандарды құттықтау үшін сөз алған ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Рашид Жақыпов жас офицерлерге таңдап алған мамандықтарының басқа мамандықтарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар екендігін айта келіп, оларды қызметте кездесетін қиыншылықтарға мойымай, лайықты төтеп беріп, офицер атағына лайық болуға шақырды.

ІІО-ның ардагерлер кеңесінің атынан сөз алған кеңес төрағасы отставкадағы полковник Нұрлыбек Үдербаев болса жас буынға шығысқазақстандық аға буын полиция қызметкерлерінің қызмет етудегі жақсы дәстүрлерін жалғастырып, адал қызмет етулері керектігін айтып, оларға ақ жол тіледі.

Жас офицерлердің ата-аналары атынан сөз алған Абдрахманова Әлия жас офицерлерге аналық ақ тілегін жолдаумен қатар, жас қызметкерлерге полиция қызметінің қыр-сырын үйрететін аға офицерлерді де алда келе жатқан ішкі істер органдарының 20 жылдық мерекесімен құттықтауды да ұмытпады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив