KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Есірткі сатқан екі бозбала қамауға алынды

15.04.2014, 18:00 152



Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласында героин сатқан екі жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тепсе темір үзетін кезінде ілім-білімге ден қоймай, санасын есірткімен улаған 18 жасар жігіттер Өскеменнің еш жерде жұмыс істемейтін тұрғындары болып шықты.

Олардың біреуі үш өскемендік азаматқа 50 грамнан астам героин сатып тұрғанында ұсталса, екіншісі 19 полимер қапшаға салынған 65 грамм героинді өткізбек болған кезінде қолға түскен. Олардың есірткілері мен ақшасы тәркіленді.

Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив