KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Сүңгуірлер төрт баланы құтқарды

2.04.2014, 18:00 156



Семей қаласындағы орта мектептердің бірінде оқитын оқушылар ажал тырнағынан аман қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ертістің жағалауында алаңсыз ойнап жүрген оқушылар жарылып кеткен мұз үстінде қалып, ағыспен төмен аға бастайды. Сол кезде оқиғаны көрген адамдар дереу құтқару қызметіне қоңырау шалған.

– Суда құтқару қызметіне қоңырау сағат 17.55-те келіп түседі, ал сағат 18.15-те балаларды сүңгуірлер аман-есен жағаға алып шығады. Бұл құтқару операциясына 10-15 минут уақыт кетті, – деп түсіндіреді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметінің бас нұсқаушысы Анатолий Рожков. Оның айтуынша, мұз жарылып адам суға түсіп кетсе, организмі бірнеше минутқа шыдамайды екен.

Оқыс оқиғаға тап болған төрт бала – бір орта мектептің оқушылары. Олардың ең үлкені 15 жаста болса, кішісі – 11 жаста.

Осындай жағдайға тап болмас үшін, мамандар өзен жағалауынан алыс жүруді ескертеді. Мұздың еруінен жағалаудың опырылып түсуі әбден мүмкін. Сондықтан, әр ата-ана баласына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырғаны абзал.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив