KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Семейде құтқарушылар канализация құдығынан итті аман-есен алып шықты

24.01.2018, 08:53 117

Аязды күндері адамдарды ғана емес, жануарларды да құтқару парыз іс. Семейде кеше «101» қызметіне қалалық ІІБ кезекшісінен Галетто,34 мекен-жайы бойынша бес қабатты тұрғын үйдің қасындағы канализация құдығына ит түсіп кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті.


Авариялық-құтқару қызметінің №2 Отряды Галетто көшесіне келіп, тұрғындардың көрсетуі бойынша беті ашық қалған құдықты іздеп тапты. Құтқару арқаны арқылы байғұс итті сыртқа аман-есен алып шығуға мүмкін болды. Ит сыртқа шығысымен еркіндікке жіберілді. Жануарды құтқару 40 минутқа созылыпты.



Итті құтқарып болған соң, семейлік құтқарушылар дереу «Шығыс сол жағалау» кентіне жол тартып, сыртқа шыға алмай бекітіліп қалған отбасыны, барлығы 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив