KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Заңсыз аңшылық жасаған Қытай азаматтары ұсталды

31.03.2014, 18:00 208



Шекарашылар киіктің 17 дана мүйізі мен бір қасқыр терісін Қазақстан аумағынан заңсыз алып өтуге әрекет еткен Қытайдың екі азаматын ұстады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Контрабандалық тауармен тұтқындалған екеу «Семей-Үрімші» бағытында қатынайтын автобустың жүргізушілері болып шыққан. Заң бұзушыларды Зайсан шекара жасағы «Майқапшағай» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары ұстаған. Іс Зайсан аудандық прокуратурасына берілді.

Қытай емгерлерінің айтуынша, киіктердің мүйізі адамның жыныстық жүйесін қуаттандыратын дәрі-дәрмек түрлерін әзірлеуде пайдаланатын болғандықтан, аспан асты елінде жоғары сұранысқа ие. Қара базарда киіктің қос мүйізі 10 мың теңгеге дейін бағаланады екен. Сондықтан қарақшылар осы бір түз жануарларын көптеп аулағандық-тан, олардың саны күрт азайып, бүгінде Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия және Ресей аумағында азын-аулақ қана қалған. Біздің елде Қызыл кітапқа енген ақбөкендерді (киік) атуға тыйым салынған.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив