KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шекарада 500 килограмм нефритті заңсыз енгізбек болған Ресей азаматтары ұсталды

4.02.2013, 18:00 101


Қазақстандық шекарашылар елімізге ешқандай құжатсыз 500 килограмм нефритті алып кірмек болған Ресейдің екі азаматын ұстады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда Ресейден Қазақстанға келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде «Ауыл-авто» патрульдік нарядының көмегімен контрабандалық тауар - жалпы салмағы 500 килограмм болатын минералды тастар табылды.

«Ресей азаматтарының рұхсат құжаттары болған жоқ. Қазір минералдар сараптамаға жіберілді. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген шекарашылардың баспасөз парағында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив