ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жинағандар ұсталды
Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жинаған 12 адамнан тұратын күдікті топ құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Инспекторлар қолға түскен күдіктілерден 10 қап "Алтын тамыр" өсімдігі тәркіленіп алды.
Оқиға Кеңсай ауылдық округіндегі «Көк томар» учаскесінде болды. Заң бұзушыларды жергілікті тұрғындар байқап қойып, инспекторларды шақыртыпты.
Зайсан аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы 12 адамды құрықтап, олардың аты-жөндерін анықтады. Олар жастары 27-51 аралығындағы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.