KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Кәсіпкерлікті дамытуға Бесқарағай ауданында жан-жақты жағдайлар жасалуда

12.03.2014, 18:00 157



ШҚО Бесқарағай ауданында шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету бағытында жан-жақты жағдайлар жасалып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындары өз бетімен жұмыс істеп, кәсіпкерліктің өрісін кеңейте түсті. Қарабас тірек ауылында жаңадан екі бірдей қызмет көрсететін нысан пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Рысбике Тілеуғабылова тігін цехы мен шаштараз ашып, іске кірісті. Ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2,5 млн. теңге несие алған. Үш тігінші мен шаштаразды жұмысқа қабылдады. Қазіргі уақытта тігіншілер түскен тапсырыстарды орындаумен айналысуда Былтыр Қарабас ауылдық округінің 15 кәсіпкері жалпы жиыны 30,6 млн. теңге несие алды. Соның нәтижесінде 27 жаңа жұмыс орны ашылды.

Округте 71 шаруа қожалығы, 20 сауда орны, жанар-жағармай стансасы, екі кафе, екі ағаш өңдеу цехы, үш өсімдік майын шығаратын цех тiркелген. Кәсіпкерлер істің көзін тауып, жақсы бастамалар көтеріп, оны жүзеге асыру жолында кең ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив