KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Құрбандарды еске алды

3.06.2012, 18:00 117


Облыстық Достық үйінде саяси қуғын-сүргіннің және аштықтың құрбандарын еске алуға арналған республикалық акцияның аясында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Оны «Нұр Отан» партиясының жетекшілігімен, Достық үйінің еңбеккерлері «Алтын арқау» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып әзірледі.
Модератор ретінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков
«Бұл күн өткен ғасырдың қасіретті оқиғаларын еске түсі-реді» деп атап өтті. «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің директоры Сағынбек Ақанов жиналғандарға алты автор құрастырған кітап туралы айтып берді. «Азалы кітапта» саяси қуғын-сүргін құрбандары атанған Шығыс Қазақстан азаматтарының тізімі жазылған.

Дөңгелек үстелдің өзге де қатысушылары өз ойларымен бөлісті, шара барысында слайд арқылы мұрағаттар мен мұражайларда сақталған құнды материалдар көрсетілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив