KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

2013 жылы қытай халқының саны қаншаға көбейді?

19.01.2014, 18:00 130



Reuters агенттігі келтірген мәліметке сәйкес, ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының есебімен шығыстағы көршіміз өткен жылы 6,68 миллион адамға көбейген. Бұл - Ганконг, Макао және Тайвань аралдарын қоспағанда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы Қытайда 16,4 миллион бала дүниеге келіп, 9,72 миллион адам о дүниелік болған. Осыған сәйкес қытай халқының табиғи өсімі 2013 жылы 0,49 пайызды құрап отыр. Ер адамдар санының басымдылығы баяғыдай – 697,28 миллион, әйелдер саны – 663, 44 миллион.

Естеріңізге сала кетейік, қазыр мұндағы « бір отбасы – бір бала» саясаты сәл жұмсарған. Бұрын елдегі аз ұлттардың өкілідеріне және ауылдық жердегі отбасыларға тұңғыш бала қыз болған жағдайда ғана екінші баланы өмірге әкелуге рұхсат берілген болатын.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив