KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
464.72 496.32 5.4

Бородулиха ауданында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

9.01.2014, 18:00 145



Биыл ШҚО-ның Бородулиха ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Михайличенково ауылында «Новая Заря шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12 млн. теңге өз қаражатын жұмсап, бұрынғы балабақшаны жөндеуден өткізіп, 50 орындық «Айгөлек» шағын орталығын ашты.

Аудан орталығында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Бақыт Сүлешова тұрғындардың талабына сай жабдықталған 150 орындық «Дастарқан» кафесін ашты.

Красный Яр ауылында аудандық мәслихаттың депутаты Сергей Быков жетекшілік ететін «Красный Яр шаруа қожалығы» ЖШС 12 млн. теңгеге сатып алған ғимаратты 25 орындық «Ер Төстік» шағын орталығына лайықтап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға берді.

Жаңа Шүлбі ауылында кәсіпкерлердің, еңбек ұжымдарының және жергілікті тұрғындардың демеушілік көмегімен қысқы маусымда жылытылатын шағын мешіт ашылды.

Әлімжан Қадылбекұлы
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив