KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Қазақстанның алтын-валюта қорының көлемі 94 млрд. доллардан асты

22.12.2013, 18:00 220



Қазақстанның алтын қоры мен ұлттық қорының бірлескен көлемі 94 млрд. доллардан асты. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның ағымдағы жылғы экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еліміздің экономикалық өсімі 6 пайызды көрсетсе, инфляцияның мөлшері 5 пайыздан артпапты.

Ұлттық банк үстіміздегі жылы ел Президентінің маңызды екі тапсырмасын жүзеге асыруға кірісіпті.

«Ең алдымен 2008-2010 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін несиелік рынокты қайта іске қосу болса, екіншісі – тұтынушылық несие мәселелерін шешу» деп түсіндірді төраға.

Үстіміздегі жылы тұтынушылардан Ұлттық банктің басқармасына 5 мыңнан астам арыз келіп түсіпті. Олардың 60 пайызы банктерге қатысты болса, 40 пайызы қайта қаржыландыру мәселесіне қатысты.

«Банктердің барлық ставкаларының жалпы жиыны 56 пайыздан артық болмау керек. Бұдан асып кетсе, біз ондай банктермен ерекше сөйлесетін боламыз. Ұлттық банк басқа банктердің несие беру сапасын қатаң қадағалап отырады»,- деді бас банкир.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив