KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Дәулет Тұрлыханов семейлік «Спартак» футбол клубына автобус сыйлады

20.11.2013, 18:00 173


Олимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыханов семейлік «Спартак» футбол клубына заманауи автобус сыйлады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семейде Олимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстан Республикасы Біріншілігінің күміс жүлдегері, Премьер Лига жолдамасының иегері «Спартак» футбол клубына құрмет көрсетілді.

Қошеметтеу салтанаты барысында Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа «Семей қаласының құрметті азаматы» белгісі мен куәлігі табыс етілді. Осы қуанышты сәтте Дәулет Болатұлының «Спартак» футбол клубының Құрметті президенті болып сайланғаны белгілі болды.

Спорт қайраткері өз кезегінде «Спартак» футбол клубына келесі маусымда сәтті өнер көрсетулерін тілеп, заманауи автобусты сыйға тартты.

Сурет Д.Ахметовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив