KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық онкүндік басталды

18.11.2013, 18:00 162


Шығыс Қазақстан республикада алғашқы болып Тұңғыш Президент күніне орай тақырыптық онкүндікті бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның аясында өңір бойынша 600-ге жуық қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

20-қараша күні Шемонаиха қаласында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір Отан, бір тіл – бір ел» форумы өтеді, оған елімізге танымал ағартушы-филолог, қоғам қайраткері Асылы Осман қатысады.

Қарашаның 23-і күні еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Nazarbayev University делегациясы жергілікті университеттердің студенттерімен кездесіп, ШҚО ЖОО-мен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қояды.

Назарбаев Университетінде білім алып жүрген студенттердің ішінде шығысқазақстандықтардың үлес салмағы басқа облыстарға қарағанда әлдеқайда артық.

29-қараша күні «Назарбаев тану» ғылыми-сарапмалық орталықтың ашылуы көзделсе, 30-қарашада «Әлем назарындағы тұлға» тақырыбында облыс жастарының форумы ұйымдастырылмақ. Оған Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова, Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен «Қазақстан Барысы-2013» жарысынының жеңімпазы Айбек Нұғымаров қатысады деп күтілуде.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив