KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Өскемендегі 28-шағын ауданның тұрғындарына арналған бос орындар жәрмеңкесі

8.11.2013, 18:00 128


Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 28-тұрғын ауданының тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың әр түрлі саласындағы 38 кәсіпорын шақырылған болатын. «Озеленитель» ЖШС, «Өскемен Тәртіп» ШЖҚ КМК, «Айтас МП» ЖШС, «Екі дос» ЖШС, «Әділ» АҚ, «Ақсу дэен» ЖШС сияқты кәсіпорындар, барлығы 25 мекеме шақыртуды құп алып, 158 бос орын ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 400-ден астам адам келді, олардың 302-і жұмысқа жолдама алды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 22, жастар іс-тәжірибесіне – 18, кәсіптік дайындауға және қайта даярлауға – 12, қоғамдық жұмыстарға – 25 жолдама берілді.

Одан басқа, 140-тан астам тұрғын мамандардан ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «18 жасқа дейінгі балалары бар от-басыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдары, еңбек заңнамасы, «Жұмыс-пен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ түйіндеме құрау бойынша кеңес алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив