KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 6 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Аягөзде 52 шағын және орта кәсіпкерлік нысан өз жұмыстарын тоқтатқан

6.11.2013, 18:00 78


Аягөз ауданында тіркелген 52 шағын және орта кәсіпкерлік нысан өз жұмыстарын тоқтатқан. Аталмыш аудан әкімі Н.Нұрғалиев журналистермен өткен брифингте оның себебін кедендік одақтың құрылуымен байланыстырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Жұмыс істемей тұрған бұл 52 нысанның көпшілігі негізінен алып-сату саласында тіркелген. Кедендік одақтың құрылуына байланысты кәсіпкерлердің көп қиындықтармен бетпе-бет келіп отырғаны да шындық. Осы орайда облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылғаны белгілі. Орталықтың мамандары мобильді автобуспен аудандарға да шығып жүр. Жаңағы 52 субъектінің 20-сына жуығы осы орталықтан көмек алды. Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасатын болады, - дейді аудан басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив