KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Үлбі өзенінің үстінен өтетін жаңа көпір ашылды

2.11.2013, 18:00 129


Өскемендік тұрғындар асыға күткен Үлбі өзенінің үстінен салынып жатқан жаңа көпір ашылды., деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Астана мен Крылов көшелерін жалғайтын бұл көпірдің ұзындығы 300 метрден асады, ал ені бір бағытта, екі мәшине қатар сияды. Жалпы құны 2 008,4 млн. теңге тұратын жобаның құрылысын Михаил Лабуков жетекшілік ететін «Имсталькон» ЖШС толық орындап шықты.

Мердігер мекеменің ендігі шаруасы тек екі бағыттағы көпірдің ортасында тұрған бұрынғы жаяулар өткелін арнайы материалмен қаптау ғана. Басқасының бәрі тиянақталған. Бұл көпірдің қолданысқа берілуі орталық көшелердің жүктемесін азайтып, таңертеңгі және кешкі уақыттарда болатын көлік кептелістерін сиретуге көмектеседі.

Жаңа нысанның ойдағыдай салынғанын атап көрсеткен облыс басшысы Б.Сапарбаев алдағы уақытта Өскеменде тағы бір үлкен көпір салынатынын тілге тиек етті.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив