KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Үлбінің үстінен өтетін жаңа көпір қыркүйек айында пайдалануға беріледі

27.01.2013, 18:00 155


Өскемен қаласында Үлбі өзені арқылы Астана мен Крылов көшелерін жалғайтын 300 метрлік көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаға бюджеттен барлығы 1 миллиард 980 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылған болатын. Бірақ осы соманың көп бөлігі қазірде игеріліп қойғанымен, 600 миллион теңгесі әлі де болса қолға тимей тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мердігер компания өкілдері көпірдің құрылысын қыркүйек айында қала күніне қарсы толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрылыс барысымен танысқан өңір басшысы Б.Сапарбаев қаражат мәселенің оң шешілуіне ықпал ететінін айтты.

Бір бағытта екі көлік, келесі бір бағытта екі көлік қатар жүре алатын жаңа көпір ашылғанда Өскемендегі жол қозғалысы біраз жеңілдеп, мәшинелердің кептелістері де сирей түседі дейді мамандар.

Ол жердегі жаяу жүргіншілерге арналған ескі көпірдің сырты арнайы материалмен жабылып, көшенің сәнін бұзбау үшін безендірілмек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив