KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 0,6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалады

31.10.2013, 18:00 186


Мәскеуде ертең, 2-қарашада «Алтын күз-2013» атты қазақ әндерінің байқауы басталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқаудың бірінші кастингінде үміткер бір әнді қазақ тілінде, екінші әнді кез келген қалаған тілінде орындауы керек.

Байқау үш турдан тұрады. Конкурс қорытындысында іріктелген 12 сайыскер 16-қарашада Ресей және қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, осындай ән сайысы жүздеген талантты жастың шығармашылық жолының ашылуына септігін тигізбек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив