KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Қазақ әндерін енді мейрамханалардан да естиміз

22.01.2013, 18:00 152


Өскемен қаласында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақ әндерінің онкүндігі» акциясы аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сүйеніп.

Қазақтың ұлттық әндерін, өңіріміз туралы жазылған шығармаларды насихаттауға бағытталған шараның аясында қазақ әндері мен саздары жазылған 50-ден астам жинақ қоғамдық орындардың, мейрамханалар мен дәмханалардың қожайындарына тапсырылды.

-Біз енді өз репертуарымызға қазақ әндерін қоса аламыз, қазір осындай ән-күйлерге сұраныс көп,- дейді дәмханалардың бірінің әкімшілік жетекшісі Алиса Бейсекенова. -Әрине, біздің өзімізде де біраз музыка бар, болғанмен де бұл жинақ біз үшін үлкен сыйлық.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар орыс, татар және басқа да ұлттардың әндерінің онкүндіктерін өткізуді жоспарлап отыр. Акцияны өткізуде белсенділік танытқан ұйымдар ерекше марапатталатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив