KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Акция 30- қарашаға дейін ұзартылды

29.10.2013, 18:00 219


Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу бойынша акция 30- қарашаға дейін ұзартылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.


1-қыркүйектен басталған акция барысында ШҚО тұрғындары полиция органдарына 419 бірлік атыс қаруын, олардың ішінде 67 ойық ұңғылы, 350 тегіс ұңғылы, сондай-ақ 2800 дана ойық ұңғылы қарудың патрондарын тапсырды.

Біздің облыстың азаматтарына сыйақы төлеу үшін 27 млн. теңге бөлінген, төлем акция аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 17-сәуіріндегі «Ақы төлеу тәртібі» Қаулысына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Ресупбликасының Заңына сәйкес төмендегідей сыйақы белгіленген:
Қысқа ойық ұңғылы атыс қаруының (пистолеттер, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін жеті еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін.

Сонымен қатар,криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған; ҚР ІІМ-нің АДБ-да "Криминалдық қару" және "Тіркелген қару" есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға; қолдан жасалған оқ-дәріге сыйақы төленбейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив