KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өскемен қаласында полиция қызметкері өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды

22.05.2013, 18:00 131


Өскемен қаласында полиция қызметкері өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД хабарлағандай, Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы патрульдік полициясының батальон взводы командирі Дамир Тайшыкенов 11-мамырда Ертіс көпірінің маңында асылып қалған жерінен табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол отбасылық жанжалдың салдарынан осындай қадамға барған. Құқық қорғау орындарында Тайшыкеновтың өлімі күш көрсетуден болмағанын айтады.

ІІД-де сегіз жылдық қызметінде Дамир өзін білікті қызметкер ретінде көрсеткенін айтты. Әріптестерінің сөзіне қарағанда, оның өзіне өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмаған, жеке проблемалары жайында жақ ашпаған. Әріптесі Евгений Иванов оның қызметінде де ешқандай кемшіліктің болмағанын айтады. 27-сәуірде қызының денсаулығына байланысты 10 күн еңбек демалысын алатыны туралы рапорт әкеліп берген. Ол Астанаға бармақшы болыпты.

Полиция қызметкерінің туыстары мен достары оның өзіне қол салғанына сенбейді.

Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысы оның қылғынудан ( механическая асфикция) қайтыс болғанын анықтады. Бұл факті бойынша қылмысты іс қозғалмайтынын ескертті құқық қорғау орындарында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив