KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Тұрғындарды үймен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар

15.10.2013, 18:00 139


Семейде «Сәт Транс» ЖШС 50 мың шаршы метр тұрғын үй салуға арналған алғашқы құрылыс материалдарын шығарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл нысан іске қосылмаған кезде семейліктер құрылыс материалдарын сырттан әкелетін. Оған жұмсалатын жол шығындары аз емес еді. Енді осы қиындықтар артта қалды. Жаңадан ашылған комбинат құрылыс материалдарының 90 пайызын өзінде өндіреді. Оның ішінде темір-бетон жабындары, діңгектер, кірпіш және тағы басқалары бар.

Кәсіпорын директоры Нұрлан Байбековтің айтуынша, алдағы уақытта облыс тұрғындарын үймен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Ең бастысы, комбинат материалдарына тұрғызылған үйлердің сапасы жақсы болады дейді мамандар.

Зауыт дайын өнім шығаратындықтан, құрылыс кезіндегі негізгі жұмыс құрастыру ғана. Комбинат толық күшіне енгенде 200 адам еңбекке тартылмақ.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив