KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Шығыс Қазақстанның басты екі әуежайы жөндеуді талап етеді

10.10.2013, 18:00 115


Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес, Өскемен мен Семей әуежайларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ол үшін 2014 жылға дейін барлық қажетті құжаттарды әзірлеу керек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл нысан халықаралық маңызға ие болғандықтан, қайта жөндеуге жұмсалатын шығынды қаржыландыру көзі әзірге нақтыланбаған. Алайда, уақыт өткен сайын әуежайлардың инфрақұрылымына қойылатын талаптар жаңартылып тұратын болғандықтан, оларды халықаралық стандарттарға сай жағдайда ұстау қажет.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, әуежайлардың ұшу-қону жолағын қалпына келтіру, жарықсигналды қондырғылар жүйесін, магистральді меңгеру жолын, радиотехникалық құралдарды жаңарту, аэровокзал кешендерін жөндеу алдағы уақытта рет-ретімен жүзеге асырылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив