KZ
Өскемен
+30°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Елімізде жылқы басы Ресейдегіден 10 есе аз

9.10.2013, 18:00 104


Қымыз өндірушілердің республикалық өңірлік палатасын құру ауылды өркендетуге үлкен серпін береді, деген пікір айтады Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар депутат Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қымыз бен ұлттық тағамдар өндіруді дамыту туралы Заң жобасын әзірлеу қажеттігін ұсынды.

– Жылқы шаруашылығына берілетін субсидия көлемін сүтті ірі қара өсірушілерді қаржыландыру деңгейіне жеткізген дұрыс. Тараз мемлекеттік университеті базасында қазақтың ұлттық тағамдарының ғылыми орталығын ашу керек, - дейді халық қалаулысы.

Бүгінде бие сүті тек бізде ғана емес, әлемнің Ресей, Қытай, Франция, Италия, Бельгия сияқты елдерінде де дастарқан сәніне айналған.

Айталық, Ресейде қазір 12 миллионнан астам жылқы болса, 80-ге тарта қымыз сауатын шаруашылық бар екен. Ал біздің елдегі Қамбар ата түлігінің саны 1,5 миллионға да жетпейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив