KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

Жастарды қымыз дайындаудың ұлттық технологиясына баулып жүр

17.09.2013, 18:00 171


Тарбағатай тауының етегіндегі «Бораш» шаруа қожалығы қызы-жазы қымыз өндіруді қолға алып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Агронесие корпорациясы» қаржы институтынан алған қомақты несиенің арқасында биылғы көктемде шаруашылықтағы жылқы басы артып, сауынды бие саны 130-ға жеткен.

– Алакөлге келіп-кетіп жатқан туристер мен демалушылар легі толастамаған жаз айларында күніне 200 литрден астам қымыз саудық. Біздің шаруашылық қымыз өндіруді қыста да тоқтатпайды. Қыс түсе кенже туған биелер Науалыдан 20 шақырым жердегі Сарбұлақ қыстағында сауылатын болады, – дейді қожалық басшысы Марат Рақымбеков.

Қожалықтың аршамен ысталған күбіде ата-бабамыздың ерекше тәсілімен ашытылып дайындалған, иісі бұрқыраған қымызы арнайы құтыларға құйылып, сатылуда. Кәсіпкер қымыз дайындаудың ұлттық технологиясын, бие байлап, сауудың қыр-сырын осы өңірдегі жастарға да үйретіп жүр. Жазғы демалыста жергілікті мектептің оқушылары осы шаруашылықта жұмыс істеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив