KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Қымызға субсидия берілетін болды

12.03.2012, 18:00 215


Қазақтың ұлттық тағамдары мен сусынына сұраныс көбейсе де, осыған дейін үкіметтің назарына ілінбей келген болатын. Міне ел басының биылғы жолдауынан кейін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ауылдағы ағайынның екі қолға бір күрек тапқандар мен, қорадағы малдарын қол жетімді несиемен мал басын көбейткендер қатары көбейген, деп хараблайды Altaynews.kz тілшісі.

Үкіметтің мұндай мүмкүдігін мүлт жібермеген Абай ауданының Саржал ауылының шаруалары істерін ширатып іске кірісті. Саржал ауылы мал шаруашылығы ежелден жақсы дамыған ірі елді мекен саналады. Қазір мұнда 74 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың негізгі кәсібі жылқы өсіріп қымыз дайындау. Биыл үкіметтен қымыз өндірісіне субсидия бөлінетінін естіген ауыл кәсіпкерлері бұл істі жандандыра түсуге ниеттеніп отыр.қазір ауылда 6,5 мыңға жуық жылқы бар, Еркін Смайыловта осы іске бел шешіп кіріскендердің бірі.

«Жұмыспен қамту 2020»бағдарламасы шеңберінде несие алып,мал басын көбейткендердің бірі. Кәсіпкердің айтуына қарағанда қолдағы бар малды кепілге қойып, 7,5 млн теңге алған. Жазда 25-30 сауын бие ұстайды, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы бұл ауылда жоқ дегенде 7-8 бие байлайды енді міне ата кәсіпті ширатамын дегендерге үкіметтің қолдауы бар. Аталған ауылда 3 жылдан бері қымыз цехы ұдайы жұмыс жасайды. Күніне 1 тоннадан астам бие сүті дайындалады.Жаз шыға сәтін салса, бұл ауылда «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында тағы бірнеше цех іске қосылмақ. Саржалдың сары қымызы туралы «Астанадан Атырауға» дейін деген аңыз бар, аңыздың ақиқатқа айналар күні алыс емес сияқты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив