KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметінен босатылды

2.10.2013, 18:00 210


2013 жылы Зайсан ауданындағы мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерулер барысында 28 заңбұзушылық әшкереленді. Олардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдарда орын алғаны анықталды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында Зайсан ауданының әкімі А.Оңдақанов Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті мәжілісінде мәлімдеді. Заңбұзушылықтар негізінен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу, оларды қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру тәртібіне, бос лауазымдық орындарға конкурстар ұйымдастыруға байланысты. Талдау жұмыстары 2010 жылы өткізілген тексеруден кейін мемлекеттік қызмет саласындағы заңбұзушылықтар саны азайғанын көрсетіп отыр.

Зайсан ауданында қыркүйектің 17-сінен 20-сына дейінгі аралықта жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аудандағы 24 мемлекеттік органның қызметі жоспарлы тексеруден өткізілген болатын. Тәртіптік кеңес мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңдардың талаптарын сақтау саласында қабылдана-тын шаралардың жеткіліксіздігін атап көрсетті. Кадр мәселесін және
мемлекеттік органдардың корруп-циялық қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұ-мыстарын ерекше бақылауға алу туралы ұсыныс жасалды. Мұнымен қоса, тұрғындарға мемлекеттік қыз-меттердің сапалы және уақытында көрсетілуіне назар аудару қажеттілігі айтылды.

Мәжілісте сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Анатолий Проскуринге қатысты қаржы полициясы органдары ұсынысының негізінде қозғалған тәртіптік іс қарастырылды. Мекеме басшысы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын бұзуға жол берген. Кеңес оны қызметінен босату туралы ұйғарым жасады. Сонымен қатар, «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығының бассейндік инс-пекциясы» мемлекеттік мекемесіне қатысты іс те қарастырылды.

– Осындай заңбұзушылықтардың алдын алуға жіті көңіл бөлінуі тиіс, – деп қорытындылады кеңес мәжілісін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив